Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда 100 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Алматы полициясы арнайы зертханадан 100 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Alataunews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10.01.2023
Жаңалықтар

Өндіріс Алматының Алатау ауданындағы жеке үйлердің бірінде орналасқан. Онда 32 жастағы ер адам жұмыс істеп келген. Ол – орауыш және көтерме саудамен айналысатын адамның қызметтерін атқарған.

«Жедел әдіспен алынған ақпарат мұқият тексерілді және расталды. Бірнеше ай бойы «өндіруші» зертхана жұмысын реттеп, онда синтетикалық мефедрон препаратын жасаған. Белгілі болғандай, Б. есімді азамат жұмыс берушінің желідегі онлайн нұсқауларын орындап отырған. Куратор оған қажетті шикізаттың жеткізілуін қамтамасыз ете отырып, зертханалық жұмыстарды үйреткен. Химик-есірткі сатушы қосалқы бөлмесі бар жеке үйді жалға алған: есірткі зертханасын қораға орналастырып, өзі бас ғимаратта тұрған. Күдікті қылмыстық ұсынысқа жоғары еңбекақыға қызығып келіскенін айтады», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Есірткі сатушы арнайы іс-шара барысында ұсталды. Есірткі зертханасы жойылды. Тінту кезінде ол жерден прекурсорлар, шикізат, сатуға дайын синтетикалық есірткі және шыны ыдыстар түріндегі инвентарь, сұйықтықтары бар полиэтилен канистрлер, пробиркалар, бөтелкелер, таразылар мен электр пештері табылды.

«Тәркіленген шикізаттың жалпы салмағы 100 келіні құрайды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Еске салайық, бұған дейін ЕҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық бизнестің сыбайластарының бірі 33 жастағы С.есімді азаматты ұстаған. Оның көлігінен 85 бума мефедрон және марихуана табылып, тәркіленді. Анықталғандай, синтетикалық есірткіні күдіктінің өзі жасаған. Осы мақсатта ол Алматы облысы Тұздыбастау ауылында жеке тұрғын үйді жалға алған. Рұқсат етілген тінту кезінде жалға алынған тұрғын үйден зертханалық құрал-жабдықтар мен 15 келіден астам синтетикалық есірткі табылды және тәркіленді», – деді Аханов.

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz