Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Газ бағасының қымбаттауына байланысты Шамалған тұрғындары ереуілге шықты

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғындары ереуілге шықты, деп хабарлайды Alataunews.kz

09.01.2023
Аймақ

Шамалған тұрғындарын мазалаған басты мәселе – газдың сапасы мен құны. Олардың айтуынша, ауылға газ тарату дұрыс жолға қойылмаған – техникалық ақаулықтардың салдарынан жыл сайын көгілдір отын тұрақты берілмейді. Тұрғындар қыста үйді жылыту мүмкін емес деп отыр.

«Сигма компаниясы соңғы екі жылда он теңгеге қымбаттатты. Газ қысымы өте төмен болды. Аязды күндері төрт күн жылусыз қалдық. Газды тоқтатып тастады. «Сигма» компаниясының қызмет сапасы төмен», — дейді тұрғындар.

Оның үстіне газ жеткізетін «Сигма» компаниясы жылу тарифін соңғы екі жылда екі рет қымбаттатқан.

«Өткен айда газ есептегіш құрал 50-де тұрды. Сол күйі өзгерткен жоқпын. Бұл айда да есептеуіш құралды 50-ге қойдық. Бірақ, осы айда он мың теңгеге төлемақы артық келді», — дейді Құралай Бердіоңғарова.

Сонымен қатар тұрғындар бір ауданның әр ауылы үшін газ тарифтерінің неліктен әртүрлі екенін түсінбейді. Мәселен, бір Қарасай ауданында үш газ компания бар. «Сигма» — солардың бірі, газды Ресейден тасымалдайды. Шамалған ауылының тұрғындары бір куб газдың бағасы — 35 теңгеге сатып алады. Ал, өзге ауылдарда газдың кубы 26-28 теңге.

Соңғы күндері Алматы облысында ауа райы күрт бұзылған күндері Қарасай ауданында бірнеше ауыл жылусыз қалған – газ құбырларында су қатып, істен шыққан. Суықта үйде жылына алмаған тұрғындар шыдамымыз таусылды деп отыр. Әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, компания газ құбырларын тексермеген. Ереуілге келген аудан әкімі ауыл тұрғындарына компанияны тексеру туралы ұсыныс айтты.

«ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Энергетика министрлігінің 172 бұйрығына сілтеме жасай отырып, газ жеткізуші тарифті көтерген. Бұл ретте монополияға қарсы ведомствомен келісім тек тасымалдау үшін алынды. Осы фактіні ескере отырып, тұрғындармен жиын барысында аудан әкімдігі, аудан прокуратурасы, Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар департаменті және «Сигма Газ» ЖШС тарифінің және қосылу тарифтерінің қымбаттауын тексеру үшін қоғамдық өкілдерден тұратын жұмыс комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. 25 қаңтарға дейін комиссия атқарылған жұмыс туралы есеп береді», — деді аудан әкімдігі.

Айта кетейік, ауылдағы табиғи газ үшін тариф 34,75 тг/м3, салыстырмалы түрде Қаскелең қаласындағы газ үшін тариф 26,89 тг/м3 құрайды. Желтоқсан айында газ тұтыну сомасы 1,5-2 есе өсті.

«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ халық үшін табиғи газ тарифі текше метріне 26-27 теңгені құраса, «Сигма Газ» ЖШС-де-34 теңге 75 тиын. «Сигма» Қарасай ауданы бойынша жүйені Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек және Арай, Дархан саяжайларын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны — 9906.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Тегтер: Алматы облысыбағагазқымбатшылықШамалған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz