Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданына қатынайтын автобустар қатарына тағы бесеуі қосылды

Бұл туралы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) бөлімінің басшысы Біржан Искаков мәлім етті.

09.01.2023
Аймақ

«Жолаушылар легінің артуына байланысты қызмет көрсетуші «BAS TRADE» ЖШС №225 қоғамдық көлікке қосымша 5 автобус сатып алды. Бұлар қаңтардың 4-нен бастап қолданысқа берілді. Осы уақытқа дейін ауданның Көктөбе ауылынан Алматы қаласындағы «Саяхат» аялдамасына 18 автобус қатынайтын. Жаңа автобустардың қосылуына байланысты интервал уақыты 12 минуттан 8 минутқа қысқарды», — деді Бейбіт Искаков.

ТҮКШ бөлімі басшысының айтуынша, №225 автобус күніне 8 000-10 000 адамды тасымалдайды. Жолаушылардың басым бөлігі – студенттер. Ал мектеп оқушыларын арнайы қоғамдық көліктер тасымалдайды.

«Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан Көктөбе 2, Түрген, Қаракемер, Есікті қамтитын қоғамдық көлік бағытын ашу туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Алматы қаласынан 50 шақырым радиустағы елді мекендерді қоғамдық көлікпен қала басшылығы қамтамасыз ететіндіктен, бұл әзірше, мүмкін болмай тұр. Алыс-жақын елді мекендерді автобуспен қамту мақсатында облыста коммуналды автопарк құрылып жатыр. Тұрғындар ұсынысының шешімі автопарк өз жұмысына кіріскен соң шығарылады», — деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар ол Есік-Қонаев бағытында автобус жүргізу мәселесі де қаралып жатқанын айтты.

Тегтер: автобусАлматы облысыЕңбекшіқазақ ауданы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz