Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Өскеменде пәтерден өрт шығып, 1 адам қаза тапты

Өскеменде пәтерлердің бірінде өрт шығып, салдарынан 43 жастағы ер адам қаза тапты.

07.01.2023
Арнайы жоба
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтарда сағат 20.48-де Назарбаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққан. Санаулы минуттарда келген өрт сөндіру бөлімшелері бірінші кезекте баспалдақпен 8 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы құтқарып, түтін басқан кіреберістен 10 адамды эвакуациялады.

Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндіріліп, пәтерде төсек-орын жанғаны анықталды. Барлау барысында өрт орнында 1980 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер 1984 жылы туған адамды құтқарып, оны қою түтін басқан пәтерден алып шықты. Ол жанған өнімдермен улану және термиялық күйік алу белгілерімен жедел-жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі ретінде төсекте мас күйінде темекі шегу болжамы пысықталып жатыр.

Сөндіру жұмыстарына барлығы 14 өрт сөндіруші мен 6 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Тұрғын үй-жайларда, әсіресе алкогольдік мас күйінде темекі шегуге жол бермеңіз.

Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

Тегтер: өртӨскеменпәтерТЖД

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz