Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облыстық бәсекелестікті қорғау департаменті Салық кодексіне өзгеріс енгізуді ұсынды

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

06.01.2023
Аймақ

«Департаменттің кезекті отырысында салықты есептеудегі бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, 2022 жылы азық-түлік дүкендері үшін қосымша құн салығын (ҚҚС) есептеудегі айналымның ең төменгі мөлшері 20 мың АЕК-ні құрады. Яғни, айналымы 61 260 000 теңгеден аспайтын кәсіпкерлер бұл салықтан босатылған. Ал жалпы кассадан түсетін табыс (маржа) небәрі 15-20%», — делінген баспасөз хабарламасында.

Департамент мамандарының айтуынша, егер азық-түлік дүкендері ҚҚС бойынша есепке алынса, онда салықты төлеу үшін тауардың құны кем дегенде 12% өседі. Бұл халық арасында әлеуметтік шиеленісті тудырады. Сондай-ақ көптеген кәсіпкерлер жабылуға немесе «көлеңкеге кетуге» мәжбүр болады.

«Осы мәселеге байланысты еліміздің салық заңнамасына өзгерістер енгізу ұсынылды. Нақтырақ айтқанда, ҚР Салық кодексінің 394-бабының (Қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар) 51-тармағы ретінде тамақ өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін бөлшек саудада сатумен айналысатын бизнес өкілдерін ҚҚС-дан босату туралы толықтырулар енгізу қажеттілігі ұсынылды», — деп жазды департаменттің баспасөз қызметі.

Кез келген тұрғынның, кәсіпкердің өтініші dazrk_alm@azrk.gov.kz электронды поштасында қабылданады.

Тегтер: Алматы облысыСалық кодексі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz