Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда төбешіктен сырғанаған төрт бала ауыр жарақат алды

Жаңа жылдық мереке күндері Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 14 жастағы екі бала, 16 жастағы және 6 жасар барлығы төрт бала түсті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

05.01.2023
Арнайы жоба

Төбешіктен жоғары жылдамдықпен сырғанап келе жатқан алты жасар бала басқа баламен соғылып қалған.

«Салдарынан науқас жабық бассүйек-ми жарақатын алды, бас, мидың соғылуы, төбе сүйегінің желілі сынуы болған. Жабық эпидуралды гематома диагнозы қойылды. Қазіргі кезде бала жансақтау бөлімінде жатыр», — дейді Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматология бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Қожаханов.

Мұз айдынында ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз қарқынды терапия бөліміне жатқызылып, жағдайы тұрақтанғаннан кейін мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды.

«Мұз айдынында бортпен соқтығысу салдарынан жасөспірімнің көкбауыры жарылып, ішке қан кетіп, тұйық жарақат алған. Ота жасалды, қазір баланың жағдайы тұрақты, бөлімшеде бақылауда жатыр. Ата-аналарға спорттың кез келген түрі және ашық ауада өткізілетін іс-шаралар кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек екенін ескертемін», — дейді дәрігер, хирургия бөлімшесінің менгерушісі Ерлан Жүсіпбеков.

Мұз айдынында жарақат алған тағы бір науқас 16 жастағы қыз ауруханада жатыр. Дәрігерлер балаға жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалу, төбе аймағы жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозын қойды. Бойжеткен жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.

Сондай-ақ 3 қаңтарда 14 жастағы жасөспірім Орталыққа жатқызылды, ол Шымбұлақ тау шаңғысы курортынан жеткізілді. Сырғанау нәтижесінде балада жабық бассүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, төбе аймағының соғылуы анықталды.

«Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы басты дүние болып қалуы керек. Балаға шаңғымен сырғанауға рұқсат бермес бұрын, жабдықтың толық жиынтығына көңіл бөлу керек, баланың қорғаныс дулығасы болуы қажет. Үлкен қарлы төбешіктер — өте қауіпті: мұнда жарақат алу мүмкіндігі өте жоғары, балалардың алдағы өміріне әсер ететін ауыр жарақаттар алады. Біз балалардың денсаулығы мен өмірін бірге сақтауға шақырамыз», — деді нейрохирургия бөлімшесінің менгерушісі Мұхтар Ибрагимов.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында «Тазалық күні»: «Тамғалы тас» марафонға дайындалып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы тұрғындарын Бірлік күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz