Дін қызметкерлері марқұмдардың рухына құран бағыштап, бейбітшілік пен келісімнің маңызы туралы айтты. Жиналғандарға мешіттердегі асқа бару үшін көлік дайындалды. Бүгін қала мешіттерінде құрбандық шалынып жатыр.
«Мешітке келгендердің арасында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы ақсақалдар кеңесінің мүшелері бар», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалған болатын.