Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокурор: Кәрім Мәсімов – қаңтар оқиғасының басты ұйымдастырушыларының бірі

Мәжіліс отырысынан кейін ҚР Бас прокуроры Берік Асылов тілшілер алдында қаңтар оқиғасының ықтимал басты ұйымдастырушысын атады, деп хабарлайды Alataunews.kz

05.01.2023
Жаңалықтар

«Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық болды, қастандық жасалды. Бүгін айтқанымдай, негізгі ұйымдастырушылар ретінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы – К. Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғалды», — деп жауап берді Бас прокурор.

Тілшілер Бас прокурордан Кәрім Мәсімовке қатысты тікелей сұрақ қойды.

«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті тәртіпсіздіктердің басты ұйымдастырушысы деп санауға бола ма?» деп сұраған тілші сауалына:

«Солай айтуға болады», — деп жауап берді Берік Асылов.

Айта кетерлігі, бүгінгі Мәжіліс отырысында Бас прокурор 5 қаңтарда ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов ҰҚК департаменттерінің ғимараттарын тастап кетуге бұйрық бергенін айтқан еді.

Осыған дейін Бас прокурор Кәрім Мәсімов ісі «аса құпия» режимінде тергелгенін айтқан еді. К. Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Садықұлов:

  • мемлекетке опасыздық жасау;
  • билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер;
  • лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілді.
Тегтер: Бас прокурорКәрім Мәсімовқаңтар оқиғасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz