Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы: «Дикий Арман» ҰҚК-дегі куратордың нұсқауымен жұмыс істеген

Бас прокурор Берік Асылов "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қаңтар оқиғасындағы рөлі туралы айтты

05.01.2023
Жаңалықтар

«Мысалы, Алматыда жүргізілген тергеу бойынша, Жұмагелдиевке («Дикий Арман») ерекше рөл жүктелген. Оның ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін анықтадық. Ол тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, жиналғандарды бақылауға алып, билікке бірыңғай ультиматум талаптар қою үшін «халық кеңесін» құруы керек болды», — деді бас прокурор Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, оған Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты, сондай-ақ Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйіне ұйымдасқан түрде келген бандиттерді қаруландырған Махатов криминалдық тобының мүшесі белсенді көмектесті.

«Алайда олар жаппай наразылық акциясын басқара алмады. Адамдар оларға ілеспеді. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы ұсталғаны туралы ақпарат алғаннан кейін, сенімді алиби құру мақсатында содырларға тонауға қарсы күрес деген желеумен қала тұрғындарына шабуыл жасау тапсырылды», — деді Берік Асылов.

Осы мақсатта, бас прокурордың мәліметінше, олар 6 қаңтарда Ritz Carlton және «Қазақстан» қонақүйлерінің тұрақтарында әр жерден кездейсоқ 24 азаматты ұрлап, ұрып-соғып, ұстаған.

«Кейіннен олар қаланың шетіне жеткізіліп, түні бойы ҰҚК қызметкерлерінің қарулы күзетімен контейнерге орналастырған. Содан кейін олар әуежайға жеткізілді, онда бір адам — Өтепбаев азаптаудан қаза болды. Осы деректер бойынша тергеу аяқталды. Қазір танысу жүріп жатыр», — деп қорытындылады Берік Асылов.

Еске салайық, Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы 7 қаңтарда белгілі болды. Ол Алматыдағы арнайы операция барысында ұсталды.

Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт тапанша, оларға оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің топ мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны туралы хабарланды.

Тегтер: Дикий Арманқаңтар оқиғасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 185 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Screenshot

Алматы облысында елді мекендерді дамытуға арналған жобалар талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі»: 25 мың адам 545 тонна қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Балқаш маңында қабан жолбарысқа ұқсас жыртқышпен арпалысқан

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz