Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Марат Қарабаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

04.01.2023
Саясат

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды.

Марат Қарабаев 1987 жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасы сарапшысының м.а. ретінде бастады.

2011 жылдан 2013 жыл аралығында — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары м.а.

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысының орынбасары, басшысы.

2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінде басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілде аралығында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2021 жылғы қаңтарға дейін – ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Тегтер: Марат Қарабаев

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz