Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Air Astana рейстердің кешігетінін ескертті

"Air Astana" әуе компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты республика бойынша рейстердің кешігуі және тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Alataunews.kz

04.01.2023
Жаңалықтар

Компания рейс орындалмаған немесе кешіккен жағдайда заң бойынша әр 2 сағат сайын сусын, 4 сағаттан кейін ыстық тамақ берілетінін еске салды.

«Егер рейс күндіз сегіз сағаттан, түнде алты сағаттан артық кешігетін болса, тасымалдаушы компания жолаушыларды қонақүйге орналастырады және көлікпен қамтамасыз етеді», — дейді компания мамандары.

Ал тасымалдаушының кесірінен рейс он сағаттан астам уақытқа тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда жолаушының таңдауы бойынша келесі рейспен діттеген жеріне жеткізіледі немесе билеттің толық құны қайтарылады.

Рейс орындалмаған немесе кешіктірілген жағдайда airastana.com веб-сайтындағы төменгі оң жақ бұрыштағы онлайн-кеңесшілерге немесе +7 702 702 01 48 WhatsApp нөміріне, сондай-ақ рейстің тоқтатылуы мен кешігуіне байланысты ақшаны қайтару үшін help.airastana.com сайтындағы көмек орталығына хабарласуға болады. Жедел желінің телефоны: +7 7272 44 44 78.

Тегтер: Air Astanaәуе компаниярейс

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта десантшылар тактикалық даярлықтарын жетілдірді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Алматы облысында өткен Park Live фестивалі 50 мыңға жуық көрермен жинады

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Үкіметте Alatau City-дің негізгі жобаларының жүзеге асырылу барысы қаралды

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Алматы облысы мен Франция арасындағы тауар айналымы 4,3 есеге өсті

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz