Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мектеп салу үшін жер телімдері бөлінбей тұр

Өңірлерде мектеп салу үшін жер телімдерін бөлу кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Ғани Бейсембаев кезекті аппарат жиналысында мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz агенттігі.

06.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

«Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдары 1 млн орындық екі ауысымда оқытатын 1 мың мектеп салу туралы тапсырма берген. 2021 жылы 90 мыңнан астам оқушыға арналған 200 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде 163 мың оқушыға арналған 277 мектеп пайдалануға берілді. Мұны жақсы көрсеткіш деп санауға болады. Ал биыл 214 мың 538 оқушы орнына арналған 225 мектепті пайдалануға беруіміз керек. Осы мақсатта 2022 жылы жергілікті атқарушы органдарға 104 млрд теңге қаржы бөлінді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша игерілген қаражаттың жалпы көлемі 28 млрд теңгені құрады. Бұл нашар көрсеткіш. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда облыстарында жұмыс тұралап тұр», — деді Ғани Бейсембаев.

Вице-министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін әкімдіктер мектеп құрылысына жер телімдерін бөлу мәселесін толық шешпеген. 2025 жылдың соңына дейінгі жоспардың 26% құрайтын 155 мектеп салынатын жер әлі анықталмаған.

Сонымен қатар, қажетті жер телімдері уақытында бөлінбегендіктен оқушылар үш ауысымда оқып және апатты жағдайдағы мектептерде білім алып жүр. Бұл мәселе әсіресе Шымкент, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында ушығып тұр.

Тегтер: құрылыс жұмыстарымектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты: ZEEKR жүргізушісі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында ядролық-протондық терапия орталығын салу жобасы талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
07.04.2026

Алматы облысында қызылшаға қарсы күрес: бас санитармен сұхбат

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Қаскелеңде әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

Алматы облысында сақман басталды

Қорлан Нұрланқызы
06.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz