Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жаңа жылдан бастап темекі бағасы өсті

1 қаңтардан бастап темекі бағасы өсті.

03.01.2023
Жаңалықтар

Жауапты органдардың шешіміне сәйкес, ең арзан темекі енді 630 теңгеден сатылады. Ал салада жүрген кәсіпкерлердің айтуынша, бұл сома 650 теңге шамасында болуы керек. Өйткені бұл өнімдер негізінен шетелден әкелінеді. Ал қазіргі валюта бағамы темекі құнын бір деңгейде ұстап тұруға келмейді.

Елімізде 4 миллионға жуық адам темекі тартады екен. Алайда бұл тек ресми ақпарат. Шын мәнінде олардың саны әлдеқайда көп. Сәйкесінше мұндай өнімге деген сұраныс та әрдайым жоғары.

Темекі бағасы қанша өссе де оны сатып алатындар қатары азаяр емес. Бірақ кәсіпкерлердің мәлімдеуінше, оның қымбаттау себебі басқа.

«Біз әр қорабының бағасы 650 теңгеден кем болмауы керек деп ұсындық. Ең төменгі баға адал темекі өнімдерін әкелетін компаниялар, өндірістегі шығындар, шикізаттар, 10-15 пайыз пайдасы бар. Күрделі саудада көтерме саудада қосатын үлесі ең төменгі баға қандай екенін көрсетеді», — дейді «Қазалкотабак» қауымдастығының президенті Әміржан Қалиев.

Темекінің қымбаттауына акциз бағасының өсуі де әсер етіп отыр. Бұл норма жақында Мемлекет басшысы қол қойған Салық кодексінде қарастырылған. Жауапты ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мұндай шешім темекі тартатындар санын азайтуға бағытталған.

«1 қаңтардан акциз ұлғайтылады. 2022 жылы 100 000 дана фильтрлі темекіге 12 300 теңге акциз қарастырылса, 2023 жылдан бастап 1000 дана фильтрлі темекіге 14 100 теңге акциз мөлшерлемесі болады. 2024 жылдан бастап 1000 дана фильтрлі темекіге 15 900 болады. Қазір халықтың арасында қыздырылған темекіге де акциз мөлшерлемесі ұлғайтылады», — дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі департаментiнiң бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.

Тегтер: жаңа жылқымбатшылықтемекі

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz