Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Украинаның арнайы операциясы: 32 адам ұсталды

Қазақстан мен украинаның киберполицейлері алаяқтардың Call-орталығын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.

30.12.2022
Жаңалықтар
Фото: polisia.kz

Фото: polisia.kz

«Қазақстан Республикасы ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының қызметкерлері Украина Ұлттық полициясымен бірлескен жедел іс-шараларды өткізу кезінде Днепр қаласындағы алаяқтардың Сall-орталығын жойды. Қазақстан азаматтарына қатысты интернет-алаяқтықпен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен мүшелері анықталды. Олар Қазақстан азаматтарына телефон соғып, өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, күдікті транзакциялар туралы хабарлап, белгісіз тұлғалар олардың есепшоттарына қол жеткізді және транзакцияларды тоқтатамыз деген желеумен клиенттерді қаржылық мәліметтерді беруге көндіріп, онлайн-несиелер алдырған. Мұндай ақпаратты алған шабуылшылар жәбірленушілердің ақшасын қылмыскерлердің есепшоттарына аударған. Қылмыстық топты ұйымдастырушылар алаяқтықпен айналысқан байланыс орталығы операторларын ынталандырып, өсімақы төлеп отырған», — деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Қылмыскерлер банктік шоттарды, сондай-ақ оффшорлық шоттар мен криптовалюта әмияндарын пайдаланған. Ұрланған ақшаны сол арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.

«Бұл ретте Украина тарапы күдіктілердің Днепропетровск облысындағы 13 тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында 45 компьютерлік техника, 24 ұялы телефон, sim-карта және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Тәркіленген компьютерлерде қоңырау шалу кезінде абоненттік нөмірлерді ауыстыруға арналған бағдарламалық жасақтама бар екені анықталды. Осы бағдарламалардың журнал файлдарын қарау кезінде қазақстандық абоненттерге соғылған алаяқтық қоңыраулар анықталды. Сондай-ақ тәркіленген техниканы тексеру барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке деректері және ҚР Ұлттық банкінің эмблемасы бар деректер табылды. Бұл ақпаратты алаяқтар өздерінің шоттарынан ақша жымқыру үшін форд-қоңырау шалу үшін пайдаланған», — дейді спикер.

Арнайы операция барысында қылмыстық топтың мүшелері — 32 Украин азаматы ұсталды. Call-орталығы 40 адамнан құралған. Қазіргі уақытта Украина тарапы қазақстандық киберполицияның көмегі арқылы тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Олар құқыққа қайшы қызметтің мән-жайларын, қосымша эпизодтарын, ықтимал қатысушыларын анықтап жатыр. Сондай-ақ осы қылмыстық топтың Қазақстан азаматтарына келтірген залалы да анықталып жатыр.

Тегтер: арнайы операцияҚазақстанУкраина

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz