Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

«ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР жүк вагон паркінің ірі операторы саналатын "ҚазТемірТранс" акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларын пара алды деген күдікпен ұстады

30.12.2022
Қоғам

Агенттіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тұрақты түрде пара алудың белгіленген схемасына филиалдардың қызметкерлері мен басшылары, сондай-ақ бас кеңсе бөлімшелерінің менеджерлері мен бастықтары қатысқан.

«Қоғамның және оның өңірлік филиалдарының лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайларда осындай тапшылықты жасанды түрде жасай отырып, проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсатына пайдаланып, яғни жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының шоттарына аударылып отырған.

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, акционерлік қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған. Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

«Бұл адамдардың барлығы ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен акционерлік қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкері әшкереленді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Агенттік осы қылмыс бойынша басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатқанын хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Тегтер: антикорҚазТемірТранс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz