Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әйгілі футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті

Бразилиялық атақты футболшы Пеле 82 жасында өмірден өтті. Бұл жөнінде AP агенттігі хабарлады.

30.12.2022
Жаңалықтар

1940 жылдың 23 қазанында Бразилияда дүниеге келген Э́дсон Ара́нтис ду Насиме́нту жанкүйерлерге Пеле деген лақап есімімен белгілі болды.

Ол — өзінің футболдағы мансабында үш мәрте әлем чемпионы атағын жеңіп алған жалғыз футболшы.

Атақты футболшы ұзақ уақыт бойы онкологиямен күресіп келді. Аталған ауру оның ағзасынан 2021 жылдың күзінде анықталған.

Қатерлі дертке қарсы күрес мақсатында бірнеше мәрте химиотерапиядан өтті. Кейін денсаулығы дертке қарсыласуға қауқарсыздық танытты.

Биылғы жылдың 29 қарашасында ол ауруханаға жатқызылды.

Емдеудің бірнеше курсын қабылдаған еді. Дегенмен ақпарат құралдары оның денсаулығы күн сайын нашарлай түскенін хабарлады.

Ол футболдағы алғашқы қадамын 1956 жылы Бразилияның «Сантос» командасында бастап, онда 1974 жылға дейін доп тепті.

Ал 1975-1977 жылдарда АҚШ-тың «Нью-Йорк Космос» клубында ойнады. Екі команда сапында 560 кездесуде қарсыластар қақпасын 541 мәрте дәл көздеді.

Ал Бразилия ұлттық құрамасы сапында 1957-1971 жылдарда 92 ойында 77 голдың авторы атанды.

Тегтер: бразилияПелефутбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz