Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматының Кәсіпкерлер палатасымен 22 проблемалық мәселе шешілді

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өтіп бара жатқан 2022 жылдың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

29.12.2022
Аймақ

«Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасымен бірлесіп, қоғамдық тамақтандыру саласымен айналысатын 8 кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жою бойынша көмек көрсетілді. 349 800 теңгеге бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды», — дейді Айтуар Қошмамбетов.

Сондай-ақ «Solva» микроқаржы ұйымының өтініші бойынша, Палатаның көмегімен қалада кәсіпкердің жарнамалық нысандарын орналастыруға тыйым салу туралы шешімнің күші жойылды.

Прокуратурамен Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына қатысты қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есепті кезеңде Палата 203 нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама жүргізді. 30 жобаға ескертулер жолданды. Негізінен, ескертулер тарифтердің, салық мөлшерлемелерінің негізсіз көтерілуіне және экономикалық есептердің жоқтығына қатысты.

2022 жылы Кеңестің 10 отырысы өтті. 22 проблемалық мәселе қаралды. 7 лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тарту шаралары қабылданды.

Мәселен, 2022 жылы «Медеу» мұз айдынынан «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына такси – электр көліктердің жүруіне бұдан бұрын негізсіз тыйым салынған болатын.

Әкімдіктің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне шектеу қою туралы» қаулысына сәйкес, ауданда тұратын және (немесе) жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары және электрмен жүретін көліктер, коммуналдық қызмет көліктерінің жүруін қоспағанда, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көліктердің кіруіне шектеу қойылды.

Кеңестің әр түрлі отырыстарында бұл мәселе үш рет көтерілді.

Нәтижесінде, Палатаның бастамасымен Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы «Медеу» саябағына ұсыныс енгізіп, оның қорытындысы бойынша, саябақ электрокөліктермен жүретін барлық таксопарктерге көлікпен жүруді қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz