Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда Жаңа жыл қалай тойланады

Алматы әкімдігі Жаңа жыл мерекесіне орай қалада өтетін іс-шаралар анонсын ұсынды.

29.12.2022
Аймақ

Атап айтқанда, 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңа жылдық фестиваль өтеді.

Фестиваль аясында Абай алаңында 26 кіші сәулет пішіндер, түрлі дүкендері мен мейрамханалары бар 30 үй, сондай-ақ фотоаймақтар орнатылды. Сондай-ақ қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер жоспарланған:

— 29 желтоқсан сағат 18:40-та сахнада Ninety one тобы мен Asia лайв-бенд өнер көрсетеді;

— 30 желтоқсанда сағат 18:40-та Nazima және Ava Band лайв-бенд сахнада өнерін ұсынады:

— 3 қаңтарда сағат 18:40-та лайв-бенд Guinness өнерін тамашалауға болады.

Негізгі мәдени шаралар 31 желтоқсанда «Астана» алаңында – сағат 21:00-23:50 аралығында ұйымдастырылады. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт жоспарланған. Кештің жүргізушілері Данияр Батырбаев, Дәулет Бижанов және Анар Батырхан. Сахнада Абай Бегей, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Рано Омарова, Парвиз Назаров, Luina, Асхат Тарғын, Димаш Дәулетов, Нұрсұлтан Нұрбердиев, «Орда», Ninety One, «КешYоu», «Жігіттер», «Шамис» топтары, Бүркіт пен Аиша, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев әннен шашу шашады. Президенттің құттықтау сөзінен кейін қалада 10 минутқа жалғасатын мерекелік отшашу болады.

Жаңажылдық фестиваль қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілер жасаған бұйымдардың жәрмеңкесіне жалғасады.

Еске салсақ, қаланың бас шыршасы Абай алаңында орналасқан. Оның биіктігі 22 метр. Шырша 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирляндамен безендірілген.

Қалада барлығы 8 жасанды шырша қойылған. Орналасқан жерлері: «Алматы Арена» мұз сарайының алдындағы алаң; «Астана» алаңы; Абай алаңы; Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы алаң; Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының аумағы; Тұңғыш Президент саябағы; Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алды; ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаң.

Алматыда 5 тегін мұз айдыны ашылған — Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданындағы Ықылас, 9 мекенжайдағы Таугүл ықшамауданында, Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында, Түрксіб ауданындағы Сейфуллин көшесі, 13 мекенжайдағы №6 Оқушылар үйі алдында. Жақын арада Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында тағы бір мұз айдыны ашылады.

 

 

Тегтер: алматыжаңа жыл

Соңғы жаңалықтар

Подросток сорвался с обрыва в горах Алматы

Николай Иващенко
03.05.2026

Президент проведал подаренных ему скакунов

Николай Иващенко
03.05.2026

Дерзких скотокрадов задержали в Алматинской области

Николай Иващенко
03.05.2026

Более 200 тонн отходов за день: как Алматинская область очищает туристические маршруты

Николай Иващенко
03.05.2026

В Алматинской области привели в порядок водохранилище Курты

Николай Иващенко
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz