Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы тұрғындарының салыққа берешегі 2 миллиард теңгеден асты

Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен азаматтардың салық берешегін тексеру шарасы басталды.

27.12.2022
Жаңалықтар

Іс-шара облыстық Ішкі істер департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесе ұйымдастырылды. Бастама аясында «Борышкер» рейдтік іс-шарасы Іле және Талғар ауданы маңындағы республикалық маңызы бар күре жолдың бойында өткізілді.

Шара аясында көлік құралдарының салығын төлемеген жеке тұлғалардың автомобильдері жеке сот орындаушысының қаулысымен айып тұрақтарына қойылды, салықтарын төлеуге міндеттелді.

Қазір Алматы облысы бойынша 35 461 жеке тұлғаның 2,1 млрд теңге салыққа берешегі бар. Жыл басынан бері жеке сот орындаушыларына 1,3 млрд теңгеге 42 217 салық бұйрығы шығарылды.

Өткен жылдарда қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда жыл басынан бері 153 690 жеке тұлғадан 2,6 млрд теңге салық өндірілді. Қазір осы бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Облыс бойынша 2021 жыл үшін 2022 жылы 150 217 жеке тұлғалардың 442 165 автокөліктеріне 6,5 млрд теңге есептелді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті бюджетке 6,2 млрд теңге түсті.

Тегтер: Алматы облысыМемлекеттік кірістер департаментіТалғар ауданы

Соңғы жаңалықтар

GPA 3,33 және одан жоғары: ЖОО түлектері мемлекеттік қызметке конкурссыз орналаса алады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz