Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда мешітте ұрлық жасағандар ұсталды

Алматыда мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 2 ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

26.12.2022
Аймақ
Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Бостандық ауданында полицейлер мешітте жасалған 7 ұрлықтың бетін ашты.

Аудандық полиция басқармасының басшысы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29-34 жастағы күдіктілер ұсталған. Олар еш жерде жұмыс істемеген.

«К. атты күдіктінің 5 қылмысқа қатысы бары дәлелденді. Оның «әріптесі», Е. атты азамат 2 рет ұрлық жасаған. Олар қаладағы ірі мешітте бірнеше рет заңға қайшы әрекетке барған», — деді полиция басшысы.

Зардап шеккендердің айтуынша, олар мешітте намаз оқыған кезде телефондарын аяғының астына қойған. Мұны ұрылар сәтті пайдаланған.

«Жәбірленушілер тек намаздан кейін ұялы телефондарының жоғалғанын байқаған. Ұсталғандар ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Олар өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкініп отыр», — деді Мақсат Қанапяев.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 88-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілердің басқа қылмыстырға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Тегтер: алматымешітұрлық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz