Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қаржылық мониторинг агенттігі "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа, сондай-ақ "Qazaq Gaz" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттік өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады

26.12.2022
Жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, күдіктілерге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

«2022 жылдың 23 желтоқсанында Бас прокуратура істі соттың қарауына жіберді. Ұлттық компанияға келтірілген залал «Qazaq Gaz» АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді. Аяқталған іс шеңберінде азаматтық талап қою және мүлікті тәркілеу бөлігінде үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында айыпталушылардың 38 млрд теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, 3 автокөлік құралына тыйым салынды», — деп хабардар етті Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа да азаматтарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатқанын атап өтті

Тегтер: Қайрат Боранбаевқылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz