Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда «Enbek» мобильді қосымшасы іске қосылды

Электрондық еңбек биржасында көрсетілетін жұмыспен қамту саласындағы қызметтерді енді смартфонға арналған қосымша арқылы алуға болады.

26.12.2022
Жаңалықтар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Enbek.kz мобильді нұсқасы сайтпен толығымен синхрондалған және қазірдің өзінде жұмыс іздеуге көмектесіп қана қоймай, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу үшін жұмыссыз ретінде тіркелуге мүмкіндік береді.

«Enbek» мобильді қосымшасында пайдаланушылар өздерін қызықтырған бос жұмыс орындарын қарап және жұмыс берушілерден шақырулар ала алады. Push хабарландыруларының ыңғайлы мүмкіндігі түйіндеме мен жауаптарды, сұхбатқа шақыруларды және жұмыс берушінің әңгімелесу нәтижелері бойынша шешімдерін қарау туралы ақпаратты өткізіп алмауына көмектеседі.

«Қосымша пайдаланушыға түйіндеменің қаншалықты толық толтырылғанын, жұмыс берушінің оған назар аударуы үшін тағы не қосуға болатынын айтады. Ал ізденушіні қызықтыратын сала бойынша жаңа бос жұмыс орындарын жіберіп алмау үшін іздеу параметрлерін сақтап, қолайлы бос жұмыс орындары туралы хабарлама алуға болады», – деді «ЕРДО» АҚ Жұмыспен қамту саласындағы цифрлық қызметтер департаментінің директоры Николай Брюханов.

Сонымен қатар, қосымшада жұмыссыз ретінде тіркелу және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі бар. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы қажет емес, тек мобильді азаматтар базасында тіркелу жеткілікті.

ЭЕБ-да әрдайым мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарының кең таңдауы бар. Олар – қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос орындар.

«Келешекте қосымшаның функционалдығы кеңейіп, жаңа сервистер мен қызметтер қосылады. Қосымша барлық пайдаланушылар үшін тегін және PlayMarket, AppStore дүкендерінде қолжетімді», – деді Николай Брюханов.

Тегтер: EnbekҚазақстанмобильді қосымша

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz