Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Халық көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылады — Айжан Есмағамбетова

Бүгін ОСК-да ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау алдындағы үгіт-насихатын өткізу кезеңі қарсаңында елімізде COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың таралуының алдын алу шаралары мен эпидемиологиялық жағдай мәселелері бойынша отырыс өтті.

25.12.2022
Қоғам

«Республикамызда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республикамыз бен еліміздің барлық өңірлері жасыл аймақта орналасқан. Тәулігіне COVID-19 бойынша ПТР-дің оң нәтижесі бар 300-ге дейін жағдай және ПТР-дің теріс нәтижесі бар 40-қа дейінгі жағдай тіркеледі, науқастардың 99%-ы сауығып кетті», — деп мәлімдеді отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі — Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.

«Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 3 пайызға өсті», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 12 өңірде (Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Абай, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) R көрсеткіші бірліктен жоғары, бұл инфекцияның қарқын алғанын көрсетеді.

Осыған байланысты, Есмағамбетова R көрсеткішін 1-ден жоғары тіркеу кезінде БМСДҚ-ға сәйкес халық көп жиналатын орындарда бетперде тағу ұсынылатынын еске салды.

Қазіргі уақытта ЖРВИ және тұмауға шалдығушылардың маусымдық өсімі байқалады, осылайша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 20%-ға өсті.

Республикамыздағы коронавирус инфекциясы бойынша ағымдағы жағдайды, сондай-ақ ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық маусымның барысын ескере отырып, сайлауалды жария іс-шаралар мен сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде Есмағамбетова мынадай қағидаларды ұстануды ұсынды:

1) халықтың топталуын болдырмау үшін кең үй-жайларды пайдалану;

2) үй-жайларда желдету/ауаны баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі;

3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шара басталар алдында үй-жайды желдетуді жүргізу;

4) сайлаушылармен кездесулер өткізу кезінде бетперде режимін сақтау.

Тегтер: Айжан Есмағамбетовабетперде

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта жаңа Конституция жобасы талқыланды: жастармен кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
22.02.2026

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz