Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта ауқымды тұрғын үй құрылысы болады – әкім

Қонаевта мемлекет есебінен үш кредиттік үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады қала әкімі Нұрлан Құматаев Алматы облысының тұрғындарымен кездесуде.

23.12.2022
Аймақ

Іс-шара облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өтті. Нұрлан Құматаевтың айтуынша, 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 10 шағын ауданда 60 пәтерлі үш несие үйінің құрылысы басталған. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 2905 млн теңгені құрайды. Бұл үйлерге сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталды (құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны — 1049 млн теңге).

«60 пәтерлі он тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қосымша 88,7 млн теңге, ал олардың сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілеріне — 34,4 млн теңге бөлінді»,  – деді қала әкімі.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы саласында жеке инвесторлар да өз үлестерін қосып жатыр. Атап айтқанда, «NJ Qurylus», «KazSMU», «Retail constraction», «Tengry investment company» және «АТС-06» сияқты құрылыс компанияларының қаражаты есебінен 54-тен астам көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған.

Сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің инфрақұрылымын дамыту мәселесі шешіліп жатыр. «Самал-Ардагер» шағын ауданында жеке тұрғын үй салуға және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны 2,3 млрд теңгені құрайды.

Жоба іске асырылған жағдайда 2006 және 2007 жылдары жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген, бірақ осы уақытқа дейін пайдаланылмаған 1300 жер учаскесінде 27,2 км (5,7 км магистральдық) су құбыры және 40 км электр беру желілері жабдықталатын болады.

Тегтер: Алматы облысыҚонаевтұрғын үй

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz