«Біз тұрғындардың осы кешке, жалпы қаланың көркіне риза болғанын қаладық. Бүгінгі шара қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоциялар сыйлайды деп ойлаймын», — деді қала әкімі құттықтау сөзінде.
Жастардың жалынды флешмобы мен қойылымдар тұрғындарға мерекелік көңіл күй тарту етті.
«Қонаев қаласы облыс орталығы ретінде бірінші рет Жаңа жылды тойлағалы отыр. Жаңа жылда тек жақсылықтар болсын! Бұған дейін мұндай шырша қаламызда болған жоқ. Шаһарымыздың күннен күнге сұлуланып келе жатқанына қуаныштымыз. Әсіресе, балалар жарқ-жұрқ еткен сұлулыққа тамсанып, асыр-салып ойнап жүр. Бұдан асқан бақыт бар ма?», — деді немерелерімен бірге шараны тамашалауға келген Күміс апа.
Шыршаның биіктігі 20 метр. Оған жүздеген метр гирляндтар мен ойыншықтар ілінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram