Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда «Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті

19 желтоқсанда Алматы қаласындағы «Chaplin MEGA Alma-Ata» кинотеатрында «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмінің пресс-көрсетілімі өтті.

20.12.2022
Аймақ

Картинаның алғашқы көрермендері болу журналистер мен Алматыдағы «SOS» балалар ауылының жеткіншектеріне бұйырды. Картинаны фильмде бас рөлді сомдаған Халық әртісі Досжан Жанботаев пен режиссер Жандос Құсайынов таныстырды, деп хабарлайды Alataunews.kz

«Жамбыл атамыздың есіміне байланыстырыла айтылатын, шындыққа сәйкес келе бермейтін неше түрлі аңыз-оқиғалар, әңгімелер көбейіп кеткеніне қынжылып, мен ұлы ақынның шынайы образын халыққа көрсеткім келді. Сол дәуірге терең бойлай отырып, нақты әрі шынайы фактілерге қол жеткізу үшін мен тарихи-мұрағаттық құжаттарды ақтарып, ақын туралы сол дәуірдің жазушылары тарапынан жазылған кітаптарды оқып шықтым. Бірақ мен документалды фильм емес толыққанды, оның үстіне тарихи ғана емес көркем дүние түсіретініме толық қақым бар екеніне сенімді болдым», — деді режиссер Жандос Құсайынов.

Фильмнің оқиғалар желісі Жамбыл Жабаевтың өмірінің соңғы 9 жылын қамтиды. Дәл осы кезеңде ақынның аты бүкіл кеңестер одағына дүркірей танылған болатын. Фильмде Жамбылдың өміріне үлкен әсер еткен оқиғалар баяндалады: ақындар слеті, ақын өлеңдерінің газеттер мен журналдарда басыла бастауы, Ораз Жандосовпен, Бауыржан Момышұлымен, Сәкен Сейфуллинмен және тағы да басқа қазақтың атақты қоғам қайраткерлерімен кездесуі.

«Басты рөлді сомдайтын актерді көп іздедік. Режиссер үшін ең маңызды болғаны ол актер түр-әлпетінің ақын бейнесіне дәлме-дәл келуі. Ол үшін біз басты рөлге үміткердің фотосуретін алып оның түрін «қартайттық», — деді Жандос Құсайынов.

 

1 of 8
- +

Актерлер құрамына тағы басқа Алмас Шаяхметов, Анна Старченко, Асан Мәжіт, Ерік Жолжақсынов, Фархад Махмудов, Филипп Волошин сияқты танымал актерлер кірді.

«Жамбыл. Жаңа дәуір» тарихи картинасының түсірілімі 2021 жылы, Қазақстан көлемінде ақынның 175 жылдығы аталып өтіп жатқан кезде басталды. Фильмді түсіру ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау Мемлекеттік орталығының қолдауымен іске асырылды. Картинаның әлеуметтік әріптесі «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.

Қордың бастамашылығының арқасында 2022 жылдың көктемінде аталмыш картинаны түсірушілер балалар арасында республикалық кастинг өткізді. Кастинг кезінде қоғамның әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары мен білімі ерекше жетілген балалар да кеңінен қамтылды. Келіп түскен 1200-ден астам өтініш иелері арасынан фильм авторлары 35 баланы таңдап алып, олар фильмде әртүрлі деңгейлі рөлдерді сомдау мүмкіндігіне ие болды.

Тегтер: алматыЖамбыл. Жаңа дәуіртарихи фильм

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz