Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы ауыл тұрғындары 30 жыл бойы құрттаған су ішіп келеді

Алматы облысындағы Шалқар ауылының тұрғындары отыз жылдан астам уақыт бойы таза ауыз суға жарымай отыр. Бұл туралы Астана телеарнасы жазды.

20.12.2022
Аймақ

Тіршілік нәрі уақытпен берілетін көрінеді, кейде мүлдем болмайды. Ол аздай краннан құрты бар лас су ағады. Соның салдарынан жергілікті жұрт ішек инфекциясымен жиі ауырады екен. Ал есесіне көрсетілмеген қызмет үшін коммуналдық төлем уақытында келеді дейді халық. Сондай-ақ Шалқар ауылының тұрғындары жергілікті әкімдер жиі ауысатынын, бірақ ешқайсы бұл мәселені шешпегенін айтып отыр.

«Су өте лас. Ішінде құрт-құмырсқа жүреді. Бітеліп қала беретін сүзгіні жиі ауыстыруымызға тура келеді. Міне, соңғы рет ұлым бірнеше апта бұрын ауыстырды, қазір балшыққа толып тұр. Шаршап кеттік», — дейді зейнеткер Гүлсім Өміржанова.

Сүзгіні жиі тазалау – қосымша шығын деп шағымданып отыр шалқарлықтар. Бірақ тіпті сүзілген және қайнатылған судың өзі қауіпті. Жергілікті жұрт ішек инфекциясымен ауруханаға жиі түсеміз дейді.

«Ішек инфекциясымен ауруханаға түскен баламды бүгін алып шықтым. Міне, бір пакет дәрі-дәрмек сатып алдым. Құсып ауырды. Біз Алматыдан жиырма шақырым жерде тұрамыз. Бірақ айдалада тұратын сияқтымыз», — дейді Жаналай Жолаева.

Амалдың жоқтығынан су сатып ішіп жүрген ауылдықтар бұл мәселені отыз жылдан астам уақыт бойы жергілікті немесе жоғары лауазымды шенеуніктер шеше алмағанын айтады. Бәрінен бұрын пайдаланбаған қызмет үшін ақы төлейтіндері ашындырады.

«Ай сайын 613 теңге төлеймін. Бірақ біз бұл суды көрмейміз, ішпейміз. Ақшаны не үшін төлеуіміз керек?», — дейді Ғали Сапқұлов.

Мәселені шешуге Жандосов ауылдық округінің жаңа әкімі уәде берді. Қазір су мұнарасының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр деді ол.

«Келесі жылдың наурыз айында құрылысты қашан бастайтынымыз белгілі болады. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен қаражат түскеннен кейін монтаждау жұмыстарын бастаймыз. Біз жер учаскесін қарастырдық», — деді Жандосов ауылдық округінің әкімі Алмас Жанбауов.

Мұнара салуға қанша уақыт кететінін жергілікті шенеуніктер нақты айта алмай отыр. Дегенмен жергілікті билік оның құрылысы біткен соң, Шалқар ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін ұмытады деп сендірді.

Тегтер: Алматы облысыауыз суШалқар ауылы

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz