Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Сапасыз байланыс үшін өтемақы алу тетігі енгізіледі — Бағдат Мусин

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сапасыз байланыс үшін операторға тиісті жауапкершілік жүктелетінін, осы орайда абоненттердің шығындарын өтеу тетігі енгізілетінін айтты.

19.12.2022
Жаңалықтар

«Яғни, егер қызмет ұнамаса, сапасы төмен екені анықталса, төлеген ақшасын қайтарып алу құқығын заңнамаға енгізуді ұсынып отырмыз», — деді Б. Мусин Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Осы орайда ол бұл басталамалар Парламент депутаттарымен бірге талқыланатынын, сондай-ақ 2023 жылы бұл нормаларды заңнамаға енгізу керек екенін айтты.

«Жаңа аудандарды, шағын аудандарды салуды жоспарлау кезінде базалық станциялар мен байланыс тіректерін орнату үшін аумақтарды резервтеу жөнінде талап қою керек. Осыған байланысты «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына түзетулер дайындалды. Бұл аталған радиофобия проблемасына қатысты болып тұр», — деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Б. Мусин елімізде интернет сапасы не себепті нашарлағанын түсіндірді.

«Біз базалық станцияларды көбейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өз кезегінде бүкіл әлемде ұялы байланыстың дамуына бұрыннан кедергі болған радиофобия проблемасын атап өту қажет. Біздің мемлекетте де осындай топтардың базалық станцияларды демонтаждау салдарынан байланыс сапасының күрт төмендеуіне себеп болды. Яғни, бұл мәселені түбегейлі шешпей, байланыс сапасын жақсарту мүмкін емес. Атап айтқанда, тұрғындар базалық станция денсаулыққа зиян келтіреді деп шағымданады. Осыдан кейін операторлар бұл құрылғыларды басқа жерге орнатуға кіріседі. Осы кезде базалық станцияның жұмысы тоқтап, байланыс сапасы төмендейді. Бұл өз кезегінде басқа үйлерде тұрған базалық станцияларға қосымша жүктеме түсіреді», — деді ведомство басшысы.

Тегтер: Бағдат Мусининтернет

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz