Аталған игі шара «Қайырымдылық керуені» атты республикалық науқанның аясында ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен жыл сайын «Жомарт жүрек» атанған жандар марапатталады. Сондай рәсімнің бірі бүгін Қонаев қаласында өтті.
Марапатты облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыс етті.
І. ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жомарт жан» төсбелгісімен Іле аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жабиева Мейрамгүл Түйебайқызы марапатталды.
ІІ. «Жомарт жүрек» атанды:
- Ұйғыр ауданынан кәсіпкер Бавдинов Ғалымжан Исламович
- Қарасай ауданынан кәсіпкер Адильханов Серікхан Саметұлы
- Қонаев қаласының маслихат депутаты, кәсіпкер Горяной Сергей Владимирович
- Іле ауданынан жеке кәсіпкер Түймелиев Нұрлан Лесұлы
- Талғар ауданынан кәсіпкер Сүлейменов Асқар Фазылұлы
- Райымбек аудандық «Ұлағатты ұрпақ»қоғамдық қорының президенті, кәсіпкер Әлікен Жәнібек Сауданбекұлы
- Балқаш ауданының «Бірлік» ЖШС директоры Абдижаппаров Жандос
- Кеген ауданынан жеке кәсіпкер Жөргенбаев Марат Әкебайұлы
- Еңбекшіқазақ ауданынан кәсіпкер Досжанов Ербол Мақсатұлы
- Жамбыл ауданынан кәсіпкер Жүнісов Айдын Серікұлы
Сонымен қатар өңір басшысы Қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайту жолындағы қосқан үлесі үшін Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен келесідей азаматтарды марапаттады:
- ҚХА мүшесі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы, кәсіпкер Бойсаев Адам Имранович
- ҚХА мүшесі, Ұйғыр аудандық ұйғыр этномәдени орталығының мүшесі Розахунов Ришат Лекимжанович
- Этномәдени бірлестіктер жұмысын үйлестіру және шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Башенова Жансұлу Жұмабиқызы
Посмотреть эту публикацию в Instagram