Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Іле ауданы инвестиция тарту әлеуеті бойынша алда келеді — Марат Сұлтанғазиев

Марат Сұлтанғазиев Іле ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, өңірдің инвестициялық жобаларымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

15.12.2022
Сұхбат
Фото: Мирхат Толкунов

Фото: Мирхат Толкунов

Алматы облысының әкімі бейсенбіде Іле ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің экономиканы дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Бүгінде облыс бойынша Іле ауданы инвестиция тарту бойынша бірінші орында және өнеркәсіп кәсіпорындарының саны бойынша (Қарасай ауданынан кейін) екінші орында.

«Ауданда биылғы жылдың 10 айында 10 пайыздық өсіммен 533,1 млрд. долларға өнім өндірілді. 331 кәсіпорынның 261-і немесе 79% өңдеу өнеркәсібі бойынша жұмыс істейді. Бұл жақсы көрсеткіш», — деді әкім.

Фото: Мирхат Толкунов

Қазіргі уақытта ауданда 168 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асып жатыр. 2,9 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде биыл 8 жоба бойынша жұмыс атқарылып жатыр,

Сонымен қатар, 2025 жылға дейін 971 млрд. теңге сомасына 142 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды.

Аудан 26,3% үлесімен инвестициялық тартымдылық бойынша облыста бірінші орында. Биыл 10 айда Іле ауданының экономикасына 118 млрд. теңге инвестицияланды (өсім 1,3 есе).

«Өздеріңіз байқағандай, Іле ауданының әлеуеті орасан зор, өңірдің қолайлы географиялық жағдайы және бизнесті дамыту үшін қолайлы ортасы бар. Сондықтан аудан әкіміне инвесторлар үшін барлық жағдай жасауды және инвестициялар ағынын арттыруды тапсырамын», — деп түйіндеді Марат Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ өңір басшысы сумен және газбен қамтамасыз ету, коммуналдық желілерді жаңғырту, абаттандыру және т.б. мәселелерге қатысты да жауап берді. Марат Сұлтанғазиев әрі қарай ауданның бірқатар ірі жобаларын аралады.

Әкім «Сарыбұлақ» ЖШС май зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын тәулігіне 200 тонна күнбағыс майын өндіріп, онымен ішкі нарықты қамтамасыз етіп әрі Өзбекстанға, Тәжікстанға, Қытайға экспорттайды. Әкімнің айтуынша, өндірістің болашағы және инвестициялық әлеуеті орасан зор. Өңір басшысы «Азия темір ЛТД» темірбетон зауытының өндірісімен танысты. Кәсіпорын темірбетон бұйымдарының 30-дан астам түрін шығарады. Жобалық қуаты жылына 10 мың тонна.

Сондай-ақ, жылына қуаты 100 мың тонна дайын өнім шығаратын «Лукойл Лубрикантс» ЖШС жағармай материалдары зауытына барды. Марат Сұлтанғазиев кәсіпорын Алматы облысының экономикасына үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Зауыт 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта әкімдікпен бірлесіп қажетті мамандармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады. ​Өңір басшысы 2018 жылы пайдалануға берілген «Первомайские пруды» демалыс аймағына да барды.

Тегтер: инвестицияІле ауданыМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz