Ол облыстың негізгі инвестициялық тартымдылығы тиімді орналасумен байланысты екенін, облыстың болашағы көлік-логистикалық хабтың дамуымен байланысты екенін атап өтті.
«Биыл Алматы облысына барлығы 155 млрд теңге тарту жоспарланды. Жыл соңына дейін тапсырманы орындаймыз деп үміттенеміз. Аймаққа қызығушылық танытатын ең ірі шетелдік инвесторлар — Қытай, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея. Алдағы жылға арналған жоспарлар да нақты, біз Алматы облысының өңірлік форумы аясында бүгін қол қойылған меморандумдар шеңберінде қойылған барлық міндеттерді орындауға тырысамыз», — деді Шыңғыс Мақашев.
Сондай-ақ, ол «Туған жерге тағзым» форумының қорытындысы бойынша өңірде іске қосу жоспарланып отырған ірі инвестициялық жобалар туралы айтты.
«Форум өте пайдалы. Шамамен 800 млрд теңгеге 40-қа жуық меморандумға қол қойылады. Бұл біздің облысымыз үшін үлкен жетістік болмақ. Меморандумдарға қол қойылған ірі жобалардың қатарында құс фабрикасын салу, логистиканы дамыту және т.б. бар. Бүгін форумға АӨК, өнеркәсіп, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, тамақ өнеркәсібі салаларындағы инвесторлар қатысып жатыр», — деп атап өтті Шыңғыс Мақашев.