Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында өткен су бәсекесіне Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Италия, Швейцария, Түркия елдерінен мыңнан астам спортшы қатысты.
Жарыс кезеңінің бағдарламасы бойынша спротшылар: 1,5 км, 5 км, 10 км және балалар 800 метр қашықтыққа жарысты.
Жалпы спорттық шараның қорытындысы бойынша, талдықорғандық жерлестеріміз топты жарды. Олар, 1500 метр қашықтыққа жасөспірімдер арасында 2-орын Юрий Ким. Қыздар арасында 1500 метр қашықтықта 1-орынды Жанымхан Айзере алса, 2-орын Ульянова Софияның қанжығасында кетті.
Қыздар арасында 1500 метр қашықтықта 1-орын Берікбол Еркежан, 2-орын Елемес Саида, 3-орын Чернышева Алина иеленді. 800 метр қашықтықта 3-орын Поддубный Богдан. Қыздар арасында 800 метр қашықтықта 1-орын Сысоева Дарина, 2-орын Айтжанова Камила озық шықты.
«Oceanman-2022» ашық суда жүзу бойынша жарыстың 2 күндік нәтижелері: әйелдер арасында 5000 метр қашықтықта 1-орын Мелисова Асем, 2-орын Айнабекова Аяжан. Ерлер арасында 5000 метр қашықтықта 1-орын Федотов Никита, 3-орын Федотов Данила алды. Дәл осы қашықтықтың жастар тобында 3-орынды Табачный Данис алса, ерлер арасында 10 000 метрде 1-орын Каримов Ислам иеленді.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!