Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мемлекет меншігіне 1 млн гектарға жуық жер қайтарылады

Қазіргі таңда мемлекет меншігіне 100 мың га жер қайтарылды.

13.12.2022
Аймақ

Мұны Alataunews.kz тілшісіне сұхбат берген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты.

«Жерге байланысты жүргізілген талдаулар нәтижесінде 100 мың гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Тағы да 1 млн га жерді қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деді облыс әкімі.

«Бұл процесс облыстың кей аумағында тез жүріп жатыр. 54 мың гектарға жуық жер ерікті түрде қайтарылды, ал қалған бөліктің мәселесі сот органдарының араласуымен шешілді. Жергілікті атқарушы органдар жерді инвентарлап, шаруашылықта малдың бар-жоғына талдау жүргізді. Анықталғандай, біреудің жайылымдық жері бар, ал иесі мал шаруашылығымен айналыспайды. Біз осындай деректерді анықтап, жер инспекциясына тапсырдық», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Енді ауыл тұрғындары жер учаскелерін мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланатын болады. Айта кетейік, Қонаевта Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиналыста шаруалар жайылымдық жердің жетіспеушілігі мәселесі жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтты.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын.

Тегтер: жайылым жер

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz