11 желтоқсан күні сағат 19.45-те Мұнайлы полиция бөліміне Мұнайлы ауданында асылып өлген 4 мәйіт табылды деген хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция асылып өлген 38 жастағы ер адам, сондай-ақ 8 жастағы, 4 жастағы және 10 айлық балалар денесін тапқан.
Тексеру барысында Б. есімді азаматтың аудиожазбасы анықталды. Ол әйеліне өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан.
Бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде орын алғандығы және бұл адамдардың ажырасқалы жатқандығы белгілі болды. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орындары болған.
Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының Пб СДТБТ-де тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату Қылмыстық Кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертеміз.
«Азаматтарды заңнаманы қатаң сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге, жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз», — дейді полиция департаменті.