Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жамбыл облысында жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Жамбыл облысында 2 ер адамнан жарты тоннаға жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлады polisia.kz.

12.12.2022
Жаңалықтар

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 желтоқсанда Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тұрар Рысқұлов ауданының Қызылшаруа ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы құмды аумақта 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ваз-2121 автокөлігін тоқтатқан. Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан 2 қапшық гашиш есірткісі табылды. Одан бөлек, олардың сол орыннан 2 шақырым қашықтықта целлофаннан 2 күркеше жасап, 36 қап марихуана мен 1 қап гашиш жинап қойғаны анықталды. Сондай-ақ есірткі құралдарын илейтін екі елек табылды.

Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 472 келіден асты. Оның ішінде 369 келі 588 грамм кептірілген марихуана және 102 келі 760 грамм гашиш болып шықты.

«Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған 47 және 30 жастағы күдіктілер өз кінәларын толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Тегтер: ЕсірткіЖамбыл облысықылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 185 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Screenshot

Алматы облысында елді мекендерді дамытуға арналған жобалар талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі»: 25 мың адам 545 тонна қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Балқаш маңында қабан жолбарысқа ұқсас жыртқышпен арпалысқан

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

Алматы облысында екі баланың анасы көз жұмды: полиция қылмыстық іс қозғады

Қорлан Нұрланқызы
20.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz