Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда шетелдік көліктер қалай заңдастырылады

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев автокөліктерді заңдастыру бойынша сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

12.12.2022
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді біржолғы заңдастыру туралы жариялады. Қазіргі уақытта заңнамаға қажетті өзгерістер енгізіліп жатыр. Парламент Салық кодексіне енгізілген алғашқы түзетулерді қабылдады. Заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды 200 мың теңге көлемінде деп белгіледі. Бір мезгілде екінші заң жобаның аясында Экологиялық кодекске түзетулер енгізіліп жатыр. Ол жерде заңдастырылатын автокөліктер үшін кәдеге жарату төлемін алып тастау бөлігінде түзетулер болады.

Аталған түзетулер басқа заң жобасы шеңберінде Парламентте қаралып жатыр. Одан басқа Ішкі істер министрлігі заңдастыруды жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын дайындауға кірісті. Аталған жоба биыл 29 қарашада ашық талқылау рәсімінен өту үшін ІІМ-нің ресми сайтына орналастырылды.

Іздеуде жүрген (қылмыстық көлік) немесе толық кедендік тазартудан өтпеген, сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер заңдастыруға жатпайды.

Қазақстанда тұрақты жүрген шетелдік автокөліктердің нақты саны туралы деректер жоқ. Сонымен қатар осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін шетелдік автокөліктерге 300 мыңнан астам автосақтандыру полисі ресімделгені анықталды. Автосақтандырулардың ең көбі Ресейден келген автокөліктерге берілген, олар шамамен 260 мың, Қырғызстан автокөліктері – 25,5 мың және Армения көліктері – 18 мың.

Қажетті заңнамалық өзгерістер күшіне енгеннен кейін және тиісті Үкімет қаулысы қабылданғаннан кейін шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады. Бұл ретте заңдастыруды жарты жылдың көлемінде өткізу жоспарланды.

Автокөліктің Қазақстанға кіру күні ҰҚК Шекара қызметінің деректер базасы бойынша айқындалатын болады. Бүгінде бұл процесс толық автоматтандырылған. Егер Шекара қызметінде көлік құралын әкелу туралы мәліметтер болмаған жағдайда автокөліктің Қазақстан Республикасында нақты болу күні автосақтандыру полисінің алғашқы ресімделген күні бойынша айқындалатын болады.

Мемлекет басшысы заңдастырудың екі критерийін белгілеген болатын. Біріншісі – автокөлік іздеуде болмауы керек. Екіншісі – кедендік тазалаудан өтуі керек. Егер аталған автокөліктер осы талаптарға сәйкес келсе, оларды тіркеуге еш кедергі болмайды.

Заңдастыруға жататын автокөліктердің жылына және экологиялық класына талаптар қойылмайды.

Қазақстанда уақытша тіркелген «армян» автокөліктері де заңдастыруға жатады. Оларды кедендік декларациялау талап етілмейді, себебі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып танылады.

Заңдастыру үшін негізгі төлем – бастапқы тіркеу үшін алым, ол 200 мың теңге. Қалғаны техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін алынатын төлемдер, олар үшін тағы 13 171 теңге төлеу қажет (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт үшін төлем сомасы шамалы өзгереді, өйткені баждар АЕК-ке байланысты есептеледі).

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығына жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралы іздестіру базалары бойынша тексеріледі. Одан кейін автокөлік арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады. Содан кейін егер талап етілсе, автокөлікке кедендік декларациялау жүргізіледі. 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алым, сондай-ақ техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж төленеді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі.

Тегтер: заңдастыруІІМшетелдік көлік

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz