Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: енді шаруалар 2,5% несиемен асыл тұқымды мал ала алады

Аталған бағдарлама облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұсынысымен қолға алынды.

08.12.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Лизинг» жобасы шалғай жатқан елді мекендердегі шаруашылықтардың әл-ауқатын жақсарту, мал тұқымын асылдандыру мақсатын көздейді.

«Жаңадан іске қосылған бағдарлама арқылы шаруалар 2,5 пайыздық несиемен 5 жыл мерзімге асыл тұқымды мал алуына болады. Облыс әкімдігінің қолдауымен алынған малдың 20 пайызы кепілдікте тұрады. Биыл 2000-нан астам асыл тұқымды ірі қара, 10000 бас қой тұқымын үлестіруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 15 шаруа қожалығынан өтініш түсті», — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Садықов.

Фото: Аслан Қажеке

Оның айтуынша, облыс әкімдігі шаруаларға мал үлестіру үшін Ақөзек ауылындағы «Dinara Group» агрохолдингінің филиалымен екіжақты келісімге қол қойды.

«Біздің холдинг 4 бағытта жұмыс жасайды. Оның ішінде, ангус және герефорд секілді ірі қараның етті екі түрін, сүтті галштейн сиырын, қойдың меринос, жылқыдан Мұғалжар тұқымдарын өсіреміз, ешкіміз де бар. Қаншама жылғы еңбегіміздің нәтижесінде 43000 бас мал жиналды. Асыл тұқымды мал өзіміздің облыста қалса деген ойымыз бар. Ақөзектен шыққан қой мен сиыр басқа аудандарға барып жерсініп, өсіп кетсе қуанамыз», — деді серіктестік басшысы Бақыт Атайбеков.

Фото: Аслан Қажеке
Тегтер: мал шаруашылығы

Соңғы жаңалықтар

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Диана Ахметова
25.08.2026

Заңды білу – өз құқығыңды қорғау

Диана Ахметова
25.08.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Диана Ахметова
25.08.2026

Жасыл ел – жарқын болашақ

Диана Ахметова
25.08.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Диана Ахметова
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz