Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Жетісу облысында ер адам өртеніп жатқан үйден үш баланы аман алып қалды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 7 желтоқсан күні сағат 21:40-та Панфилов ауданы, Үлкен ауылында тұрғын үйлердің бірінде өрт болғанын мәлімдеді. 50 шаршы метр аумаққа жайылған өрт 22:22-де сөндірілген.

08.12.2022
Арнайы жоба

Үйдің өртеніп жатқанын көрген ер адам өрт сөндірушілерге хабар беріп, олар келгенше жанып жатқан үйдің балалар бөлмесінен 2010, 2014 және 2018 жылы туған үш баланы шығарған, сондай-ақ үйде ұйықтап жатқан ата-аналарды эвакуациялауға көмектескен, екі газ баллонын тысқары алып шығып, өз бетімен өртті сөндіруге кіріскен.

Балаларды өрттің аузынан алып қалған қаһарман — олардың көршілері, Жаркент қаласы ПЧ-11 өрт сөндірушісі азаматтық қорғау бөлімінің кіші сержанты Еркебұлан Айтбаев Тұрғанұлы. Өрттің алдын ала себебі — қатты отынмен жұмыс істейтін пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Батыр азамат өзінің әрекетін батырлықпен байланыстырмайтынын айтады. Орнымда болған кез келген адам солай жасайтын еді, дейді ол.

«Кезекшіліктен тыс уақытта үйден шықсам, көршімнің үйін өрт шалғанын көрдім. Дереу жүгіріп барып, ұйықтап жатқан үш баласын қауіпсіз жерге алып шығып, әке-шешесіне сыртқа шығуға көмектестім. Және ас бөлмесінен екі газ баллонын байқап, сыртқа алып шықтым. Бұл ісімді мен ерлік деп санамаймын, өрт сөндірушілердің азаматтық борышы деп ойлаймын», — дейді Еркебұлан Айтбаев.

Тегтер: Жетісу облысыоқиғаөртПанфилов ауданы

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz