«Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес «Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған» іс жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеуді Жетісу облыстық Полиция департаменті бақылауға алды.
Айта кетейік, осыған дейін Жетісу облысында аюмен суретке түскен адамды полиция іздестіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.