Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Магистратураға құжат қабылдау басталады

Қазақстанда магистратураға түсу үшін құжат қабылдау басталады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

05.12.2022
Жаңалықтар

«6 желтоқсанда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталады. Ол 12 желтоқсанға дейін университтердің қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады», — деп жазылған хабарламада.

Барлығы 8 мыңнан аса адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 40%-ға жуығы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 69 балл. Ең жоғары балл – 127. Кешенді тестілеу барысында 80 қатысушының нәтижесі жойылды.

«Оның ішінде 32 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан. Олар тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 48 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды», — деп жазылған хабарламада.

Болашақ магистранттар құжаттарды дәстүрлі және онлайн форматта тапсыра алады. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру керек:
• жеке куәліктің көшірмесі,
• жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
• КТ сертификаты және бар болған жағдайда шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар;
• 075/у медициналық анықтамасын ЖОО-ға түскенде тапсыруға болады.

«Құжаттарды тапсыру кезінде оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және 3 университетті көрсетеді. Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 15-25 желтоқсан аралығында өтеді. Магистратураға түсушілер 4 мыңға жуық мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Грант иегерлерінің тізімі ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Тегтер: құжатмагистратура

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz