Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талдықорған қоғамдық кеңесі Назарбаев көшесінің орнына бұрынғы атауын қайтаруды ұсынды

Талдықорған қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында кеңес мүшелері Талдықорған қаласындағы Назарбаев көшесінің орнына бұрынғы Тәуелсіздік атауын қайтару бойынша Жетісу облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатқа ұсыныс хат жіберді.

05.12.2022
Аймақ

Сондай-ақ сәулет және қала құрылысы бөлімінің және Талдықорған қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі тыңдалды.

Одан бөлек, «Талдықорған қаласының Оңтүстік-Шығыс тұрғын ауданы, Агропромышленник тұрғын үй алабы, Оңтүстік-Батыс тұрғын алабының құрылыс салынбаған шығыс жағы, «Сарыбұлақ» тұрғын алабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу» жобалары, «Талдықорған қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» жобасы қаралды.

Талдықорған қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін нақтылау жобасы, Талдықорған қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен түскен жаңа инициативалар мен 2023 жылғы ауысатын нысандар бойынша өтінім тізбесін алдын ала қарастыру мәселелер талқыланды.

Бұған дейін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исаев халық қолдаса Талдықорғандағы Назарбаев көшесінің атауын өзгертуге дайын екенін және бұрынғы президентке арналған ескерткішті жөндемейтінін мәлімдеген еді.

Әкімнің айтуынша, оның орнына Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылады. Қазір Алматыда жасалып жатқан ескерткіш бір-екі айдан кейін дайын болады екен. Оның биіктігі – 9 метр, құны 300 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Тегтер: Жетісу облысыТалдықорған

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz