Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Апаттан зардап шеккен екібастұздықтардың шығынын ОАЭК өтейді

ОАЭК Екібастұздағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығынды өтейтін болады. Бұл туралы брифингте Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук мәлімдеді.

05.12.2022
Жаңалықтар

«ОАЭК» АҚ бүлінген үйлерге келтірілген шығынды өтейді. Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр», — деді Крук.

Крук, сонымен қатар, жөндеуге және көтергіштер мен батареяларды ауыстыруға байланысты пәтерлері жылусыз қалған бірнеше проблемалы көпқабатты тұрғын үйдің мекенжайын атады.

«Әсіресе, Сәтбаев 8, Мәшһүр Жүсіп 52, Әуезов 46, 46-А, 47, Шешенбеков 19-А мекенжайындағы үйлерде проблема бар. Штаб жетекшісі, Премьер-министрдің орынбасары жөндеу қызметінің жұмысын қайта үйлестірген болатын. Енді әр үйге бір-бір кәсіпорын бекітілді. Ол кәсіпорындардың бірінші басшылары бекітілген үйдегі ақауды жою жұмыстарының басы-қасында жүр — қатқан желіні жібітіп жатыр. Бұл басшылар бүкіл ақау жойылғанша осы істің басында болады», — деді Олег Крук өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Бұған дейін ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин де монополист компания жылу желілеріндегі апат салдарынан пәтерлері бүлінген Екібастұз тұрғындарына барлық жөндеу шығындарын өтейтінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетейік, 4 желтоқсанда кезекті брифингте Крук барлық үйлердің жылу тораптарына салқындатқыш берілгенін хабарлады.

Сондай-ақ, орамішілік желілер қалпына келтірілді, көтергіштер мен батареялар қалпына келтірілді. Кейбір үйлерде ПИК мамандары жылыту жүйесін дұрыс ағызбағаны атап өтілді. Салдарынан мұз қатты. Қазір бұл үйлердегі көптеген батареяларды ауыстыру қажеттілігі туындады. 70-ке жуық жеке тұрғын үй жылусыз қалады.

Екібастұз ЖЭО-сын бас­қаратын «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС – «Павлодарэнерго» АҚ-ның еншілес кәсіпорны. Ал «Пав­лодарэнерго» «Орталық-Азия Электрэнергетикалық Кор­пора­циясы» акционерлік қоғамының («ОАЭК» АҚ) құрамына кіреді.

Орталық-Азия Электрэнер­гетикалық Корпорациясы» («ОАЭК» АҚ) 2008 жылғы 8 та­мыз­да құрылған. Ол еліміздің біраз қа­ласының жылу-электр жүйе­ле­ріне иелік етеді.

Тегтер: ЕкібастұзПавлодар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz