Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Көлік қаққан бес оқушының біреуі қайтыс болды: тұрғындар бірнеше мекеме кінәлі дейді

Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылында көлік қаққан бес оқушының бірі қайтыс болды. Жол апатынан бір үйдің екі баласы зардап шекті, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

03.12.2022
Арнайы жоба
Жол апатынан қаза болған 10 жасар Сабыржанның үйі

Жол апатынан қаза болған 10 жасар Сабыржанның үйі

Оқиға 25 қараша күні Алматы маңындағы Арман ауылында болған. Жол апаты республикалық маңызы бар жолға шығатын ақылы кеденде орын алды. Мектеп автобусынан түскен бес оқушыны Lexus көлігі қатты жылдамдықпен соққан. Салдарынан бір оқушы көз жұмып, үшеуі ауыр жағдайда жатыр.

«Құлыным-ай, «Анашым, саған сүйеу болам» деуші еді. Ауылдың проблемасы шешілуі үшін менің балам өлу керек пе еді?! Неге автобустың жолы жасалмады? Әкім қайда қарады сол жолды жасамай?», — деп аңыраған марқұм кішкентай Сабыржанның анасы талайдың сай-сүйегін сырқыратты.

Оқушылар мінген автобусты мектептен қайтып бара жатқанда «ҚазАвтоЖол» мамандары ақылы жолдан өткізбеген. Өйткені автобустың 60 мың айыппұлы болған. Бұл айыппұлды тіпті Іле аудандық білім бөлімі де білмеген.

«Мектеп автобусының 60 мың айыппұлы болғанын естіген емеспіз. Ешқандай бізге ол туралы есеп қағазы (счет) жіберілген жоқ. Сол күні автобус республикалық маңызы бар жолмен жүруге мәжбүр болған. Өйткені, ауылдың Өтеген батыр жақпен жүретін жолын күрделі жөндеуге жауып тастаған», — дейді Іле аудандық білім бөлімінің басшысы Ләззат Капкеева.

Оқушылар отырған автобуста қарт ата-ана мен мектеп мұғалімі де болған. Айыппұлын есептеп, жүргізуші бір сағат терминалда тұрғанда оқушылардың бірінің ата-анасы сырттан келіп, баласын терезеден шығарып әкетеді. Автобустағы қарт ата-ана да жүргізушіні сағаттап тосуға шыдамай, баласын жетектеп сыртқа ұмтылады. Артынан 3-4 оқушы ере шығады. Ал оқушыларға жауапты мұғалім еш қарсылық көрсетпестен оқушыларды көліктен шығарып жіберген.

«Автобуста болған мұғаліммен сөйлестік. Ата-ана қастарында болғандықтан еш қауіптенбестен оқушыларды сыртқа шығарып жібергенін айтты. Әлі де тексеру болады», — дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

Көлік қаққан бес оқушының екеуі ағайынды, бір үйдің балалары. Жібек 12 жаста, ал Сабыржан 10 жаста. Отбасында екі қыз бір ұл болған. Өкінішке орай Сабыржан сол күйі есін жимастан ауруханада қайтыс болды, ал Жібектің денесі бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалады. Қазір травматология бөлімінде жатыр. Екі бала да сабақта зерек, озат болған дейді мектеп директоры.

«Сабақта үлгерімдері де, тәртіптері де жақсы еді. Мұнтаздай болып киініп жүретін. Сабыржан ағылшын тілін өте жақсы көретін. Қоғамдық жұмыстардан да қалмайтын», — дейді №13 мектеп директоры Аяулым Керімқұлова.

Ауыл тұрғындары жол апатына бір ғана көлік жүргізушісі емес, әкімдіктің де, «ҚазАвтоЖол» мамандарының да кінәсі бар, дейді. Олардың айтуынша Іле ауданының әкімі, ауылға қатынайтын жолды емес, өзінің қара басының қамын ғана ойлаған. Дәл балалар тұратын ауылдан айналасы ат шаптырым жер алып, бір жылда зәулім үй тұрғызған. Тіпті, асфальт төсетіп, жарықтандырып тастаған.

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің үйі

1 of 3
- +

 

Арман ауылында жол 2000 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жол былай тұрсын, ауылдағы ең аяғы балабақшаға дейін сатылып кеткен.

Балаларды қаққан Lexus көлігінің жүргізушісі 28 жастағы Байсерке ауылының тұрғыны. Күнделікті осы терминал арқылы өтіп, қалаға жұмысқа қатынап жүрген. Мамандығы — банк менеджері. Жақында қалыңдығын әкеп, үйленуді жоспарлап жүрген. Жүргізушінің туыстары қайтыс болған оқушының отбасынан кешірім сұрап, үйін күндіз-түні күзетіп жүр.

«Балам күнде звондап, жұмыстан шыққанын, келгенін айтып тұратын. Сол күні: «Мама, мені күтпеңіз, мен енді келмеймін» деп бір ауыз ғана айтты, болды. Ести салып, апат болған жерге әрең жеттім. Сол күннен бастап балалардың қасында бірге түнеп жүрміз. Тілеуім кісі баласының қамы ғой, қарағым. Алланың мұндай сынағынан сақтасын екі дүниеде. Өле-өлгенше кешірім сұрап өтемін. Басқа амалым бар ма, айтыңыздаршы», — деп еңірейді кінәлі көлік жүргізушінің анасы Ғалия Ақпейісова.

Жол апаты болған жерде 60, 40 деген белгілер орнатылған. Sputnik Қазақстан тілшілері оқиға болған жерде бейнетүсірілім жасады. Өкінішке орай 40 км/сағат жылдамдықпен жүрген бір де бір көлік болмады.

Қазіргі күні апатқа кінәлі жүргізуші тергеу абақтысында отыр. Оның туыстары мемлекеттік адвокаттардың бұл іске мойын бұрмай жатқанын айтады. Ал шырағы жанбай жатып, сөнген кішкентай Сабыржанның денесі жер қойнына 5 желтоқсан күні тапсырылады.

Тегтер: Жол апатыІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz