Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президент жүктеген міндеттерді орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз — Марат Сұлтанғазиев

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының әкімін тағайындауға келісім беру бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының отырысы өтті.

01.12.2022
Аймақ

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысының әкімін тағайындауға келісім беру бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының отырысы өтті. Отырыста ұйымдастыру жұмыстары қаралып, есеп комиссиясы бекітілді. Жиында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева облыс әкіміне кандидаттарды таныстырды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі 7-su.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәслихат жиынында Марат Сұлтанғазиевтен бөлек Арслан Дандыбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Жергілікті депутаттар екі кандидаттың жобаларын тыңдап, одан кейін ашық дауыс беруге көшті. Нәтижесінде, 194 депутаттың 152-сі Марат Сұлтанғазиевке, қалған 42-сі Арслан Дандыбаевқа дауыс берді.

Мәслихат алдында сөз сөйлеген Аида Балаева әкім жұмысы халықтың өмір сүру сапасын арттырумен байланысты екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы жуырда Алматы облысына жасаған сапарында нақты міндеттер қойды. Бұл міндеттерді орындау үшін ұйымшылдық пен бірлік қажет», – деді Аида Балаева.

Жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

«Бүгінгі таңда облысымыз қарқынды дамып келеді, оған экономиканың барлық салаларындағы оң көрсеткіш дәлел. Алматы облысы инвесторлар үшін өте тиімді аймақ. Мәселен, инвесторлар бюджеттік емес қаражат есебінен жақын арада 108 көпқабатты тұрғын үй салуды көздеп отыр. Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттердің барлығы орындалады. Ол үшін бар күш-жігеріміз бен тәжірибемізді жұмсайтын боламыз. Бұл бағытта кәсіпкерлікті қолдаудың орны айрықша. Бұл біздің жұмыстың жеке векторы саналады. Біздің жұмысымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына негізделіп, халықтың талап-тілегін ескере отырып атқарылады», — деді Марат Елеусізұлы.

Тегтер: ҚонаевМарат Сұлтанғазиеа

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz