Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданындағы жағдай: магистральдық газ құбыры қалпына келтірілді

Газ Панфилов ауылында қосылған, Гүлдала ауылында абоненттердің 80%-ын газбен жабдықтау қалпына келтірілген, деп хабарлайды Alataunews.kz.

01.12.2022
Аймақ

Магистральдық газ құбыры қалпына келтірілді, қазіргі уақытта абоненттерді газға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Панфилов ауылында газ қосылған. Гүлдала ауылында абоненттердің 80% қосылған, Тұздыбастауда қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Газ компаниялары түскі асқа дейін қалпына келтіретініне кепілдік берді», — деді облыс басшысының баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел.

Сонымен қатар, әкімдікте бейсенбіге қараған түні сумен жабдықтау мен электр энергиясының өшірілуіне қатысты түсініктеме берілді.

«2022 жылғы 30 қарашада Панфилов ауылындағы трансформаторлық қосалқы станцияға түскен жүктеменің әсерінен есептегіш, рубильник, бірінші көтергіштің тереңдік сорғысы жанып кетті. Осыған байланысты су беру тоқтатылды. Талғар ауданының «Талғар су» МКК қызметкерлері сорғыны ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ ауа райына байланысты шағын аудан электр энергиясыз қалды. Жерұйық, Жүздібастау ауылында — 300 үй, Гүлдала ауылында — 1500 үй бар. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, электр энергиясын берудің болжамды уақыты – 13:00», — деді Ғалымұрат Жүкел.

Бұған дейін хабарланғандай, 30 қарашада сағат 19:00 шамасында шіріген ағаштың құлауынан Алматы облысының Панфилов кентіндегі магистральдық газ құбыры зақымданған. Жүздібастау, Гүлдала, Панфилов ауылдарында, сондай-ақ Түрксіб ауданының Нұршашқан шағын ауданында 5 мыңға жуық тұрғын үй газсыз қалды.

Газ беру учаскелер бойынша кезең-кезеңімен сағат 01:00-ден басталды.

Тегтер: газТалғар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz