Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматыда 3 жұмысшы 48 жастағы тұрғынды таспен ұрып өлтірген

Алматы қалалық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға 26 қарашада болған. 

30.11.2022
Арнайы жоба

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 48 жастағы ер адам түнде досын шығарып салған. Сол кезде жақын жерде жұмыс істеп жүрген 3 ер адам оны соққыға жығып, таспен ұрып өлтірген. Үшеуі де мас болған.

Алматы қалалық полиция департаменті бір күдікті ұсталғанын хабарлады.

«Тәртіп сақшылары осы қылмысты жасады деген күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адамдар арасында жанжал шығып, төбелес басталып кеткен. Оқиғаның мән-жайы тергеу кезінде анықталады», — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал төбелеске қатысқан тағы екі адам Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша жауапқа тартылып отыр. Бұл бапта 5 мың АЕК-ке (15 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетерлігі, 1974 жылы туған марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Тегтер: қылмыстық іс

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz