Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жылусыз қалған елді мекендерге жылу әлі толық берілмеді

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев және Қасымбек ауылының тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

30.11.2022
Аймақ

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жылу екі аптадан бері жоқ. Бірінші рет емес, үнемі болатын бұл проблема тұрғындарды әбден мезі еткен.

«Балалар ауырып, сабаққа барудан қалды. Не дұрыстап жуына алмаймыз, не жылына алмаймыз. Бұл мәселе түбегейлі қашан шешіледі», — дейді тұрғындар.

Жылудың болмауына газ қазандығының істен шығуы себеп болған. Ауданның газына жауапты «Тәуекел газ» ЖШС қосымша газ таратқыш шкафтар орнатқан. 28-29 қарашада газдың қысымын өлшей отырып, абоненттерге тексеру жүргізген. Магистральдарды тексеру кезінде конденсаттың пайда болғаны анықталған.

«Ақауларды жою үшін 30 қарашада сағат 9.00-17.00 аралығында «Тәуекел газ» ЖШС Үмбеталы ауылынан Мыңбаев ауылының соңғы нүктесіне дейінгі орташа қысымды құбырларды үрлейді. Газды өшіру туралы ақпарат халыққа әлеуметтік желілер және топтың мессенджері арқылы Мыңбаев және Қасымбек ауылдарына хабарланды. Өзгерістер туралы қосымша хабарланады», — делінген Жамбыл аудандық әкімдіктің хабарламасында.

Ал жергілікті билік бұл проблеманы шешу үшін күндіз-түні жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүргендерін айтады.

«Негізі мүлде газ жоқ емес, қысым төмендеген. Әр үйде әр түрлі жағдай. Бүгін 9:00-ден 17:00 аралығында газ өшіріліп, құбырдың бітелген жері анықталып жатыр. Барлық мүмкіндікті қолданудамыз, бұл проблема аудан әкімінің тікелей бақылауында», — дейді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Тегтер: Жамбыл ауданыжылу

Соңғы жаңалықтар

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz