Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Банк және полиция қызметкерлерінің атынан биыл 3 мың алаяқтық жасалған

Банк және полиция қызметкерлері ретінде хабарласатын алаяқтар жыл басынан бері 3 мыңнан астам қылмыс жасады. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының басшысы Жандос Сүйінбай мәлім етті.

29.11.2022
Қоғам

«Цифрлық технологиялардың дамуы олардың көмегімен ұрлықтың артуына әкелді. Кейінгі кезде интернет-алаяқтық қоғамда резонанс тудырып отыр. Биыл елімізде 18,5 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (19 328) төмен. Интернет-алаяқтық көбіне тауарларды онлайн сатып алумен байланысты. Атап айтқанда осы әдіспен 6 мың қылмыс жасалған. Қазіргі уақытта банк немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған алаяқтық ерекше алаңдаушылық тудырып отыр. Аталған тәсілмен жыл басынан бері 3 мыңнан астам алаяқтық қылмысы жасалды», — деді Жандос Сүйінбай Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алаяқтар абоненттік нөмірді ауыстыруға арналған сервистерді белсенді пайдаланады.

«Әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, алаяқтар шоттағы күдікті операциялар немесе несие алуға әрекет туралы хабарлайды. Көбінесе олар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырады немесе банк қызметкері ретінде арнайы операция жүріп жатқанын хабарлайды», — дейді ол.

Спикердің мәліметінше, аталған жайт бойынша іс ашылған жағдайда Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе оның сенімін теріс пайдалану арқылы жасалған алаяқтық) 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды, айыппұл (4 мың АЕК) салуды көздейді. Сондай-ақ топтасып аса ірі мөлшерде қылмыс жасаған жағдайда айыптылар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

Тегтер: полиция

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz