Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Үкімет проблемалы энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қолға алды

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі мен Бас прокуратура бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.

28.11.2022
Саясат

Проблемалық энергетикалық нысандардың қызметі мәселелері бойынша жұмыс осы жылдың наурыз айында құрылған экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады. Жалпы, осы уақыт ішінде республика меншігіне телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы (439 кірме т/ж жолдары) және экология салаларындағы 10 ірі компанияның акциялар пакеті мен қатысу үлесі қайтарылды.

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы 142 кірме т/ж жолдары мен активтері бар 28 компанияның қатысу үлесі мемлекет меншігіне қайтару сатысында. Тағы 20 нысан бойынша пысықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде бірқатар ЖЭО, мұнай-газ және т/ж секторларының өндірістік объектілері, логистикалық, машина жасау активтері және т.б. бар. Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша елімізде 37 жылу электр орталығы бар. Ведомство тізіміндегі 37 жылу электр орталығының 10-ы мемлекет меншігіне тиесілі. Ал бесеуіне квазимемлекеттік сектор иелік етіп отыр. Қалған 22 жылу электр орталығы — жекеменшік.

Мемлекеттік ЖЭО-лар Астана, Шахтинск, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Орал, Кентау, Қызылорда қалаларында, квазимемлекеттік сектор иелігіндегі ЖЭО-ның үшеуі Алматыда, ал екеуі Ақтауда орналасқан. Қалған өңірлердегі орталықтар — жекеменшіктің қолында. Еліміздегі жылу электр орталықтарының орташа жұмыс істеген жылы — 61. ЖЭО-лардың 76 пайызға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ал олардың негізгі жабдықтарының орташа тозуы – 66 пайыз. 37 жылу электр орталығының жалпы электр қуаты — 6 517 МВт, ал жылу қуаты — 20 135 Гкал/сағат.

Аталған орталықтарда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр. Президент Үкіметке және облыс әкімдігіне таяу күндері Екібастұздағы жағдайды қалыпқа келтіру, қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тарту жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды. Оқиға салдарын жою бойынша шұғыл түрде штаб құрылды, апаттық-қалпына келтіру жұмыстары басталып, жедел желі ашылды.

28 қараша, сағат 11:00-дегі жағдай бойынша ЖЭО-да 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үйді, 11 әлеуметтік нысанды жылумен жабдықтау қалпына келтірілді.

Тегтер: нысанүкіметЭнергетика

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz