Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында көлік қаққан үш баланың жағдайы ауыр

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына барып, жол көлік апатынан зардап шеккен балалардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.11.2022
Арнайы жоба

Дәрігерлер 9, 10, 12 жастағы үш баланың жағдайы ауыр, бір баланың жағдайы орташа ауырлықта деп бағалап отыр.

«Бүгінгі таңда жол көлік оқиғасынан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр. 13 жасар 1 қыз баланың жағдайы орташа ауырлықта. Ол аурухананың травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Балалар басқарма тарапынан бақылауға алынып, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Аурухана қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлер қолдан келгенше балаларды аман алып қалуға тырысып жатыр», — деді басқарма басшысы Өмірзақ Ниязбекұлы.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысында респбликалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолында ақылы өткелде болған жол апатынан 9-10 жастағы 5 бала зардап шекті. Іле ауданында оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен 4 оқушы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын. Қазіргі уақытта 4 бала ауруханада дәрігерлердің бақылауында, бір оқушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Тегтер: Жол апатыоқиға

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz